Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласының жастары бірқатар бастаманы жүзеге асыруда

Опубликовано:

"Qosyl" жастар ресурстық орталығы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Дамудың кілтін тапқандар биіктің бедерінен көрініп, ұмтылыстың ұтымды тұсын қарастыруға қауқарлы. Демек, бойында қуаты бар жастардың есті әрекеті елге жасалған игіліктің қайнар көзі болмақ. Бір ғана Қызылорда қаласын алсақ, мұнда 14 пен 35 жас аралығындағы 105 мың 321 жас бар. Бұл қала халқының 30,1%-ын құрайды. Ал оларды демеп, қанаттандыруда ілкімді іс бар.

Қалалық "Qosyl" жастар ресурстық орталығы қала жастарының екінші үйі істпетті. Шағын орталық қолға алған бастамалар осының дәлелі. Мұнда "Qosyl Kenes", "Qosyl Sport", "Qosyl Game", "Qosyl Dance", "Qosyl Acoustic" жобалары жалғасын тауып келеді. Мәселен, "Qosyl Kenes" жобасы жастарға консультативтік жұмыстарды ұйымдастыруда көмек. Жыл басынан бері "Мүмкіндіктер алаңы" 7 мәрте, "Көшпелі кеңес" 15 мәрте (қалаға қарасты 2 кент және 7 ауылдық округтерде, Титов қыстағы, Гагарин, Шанхай және Ақмешіт мөлтек аудандары) ұйымдастырылған. Жастарды жұмысқа орналастыру, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша жауапты мекеме қызметкерлерінің ақпараттық жұмыстары да біріздендірілген. Сонымен қатар ақпарат ағыны қарқынды, жастар желіге байланған заманда "Telegram" әлеуметтік желісі арқылы "Qosyl bot" парақшасы жұмыс жасауда.

"Qosyl Sport"-тың мақсаты – жастар арасындағы бұқаралық спортты дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау. Орталық жанынан волейбол және ping pong үйірмелері тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Бүгінде үйірмелер жанында ай сайын 100-ден астам тұрақты, 200-ден астам бір реттік қызмет алушылар тіркеліп отырады. Қатысушылар арасында сайыстар өткізу де жолға қойылған. Биылдан бастап «Шыңды бағындыр!» жаңа жобасы қанат қақты. Жоба аясында шаһардағы барлық мөлтек аудандар, қалаға қарасты кент және ауылдық округтер жастарын қатыстыра отырып, турникке тартылудан іріктеу сайыстары және қалалық кезеңдері өтті. Тартымды шараны дәстүрге айналдыру жоспарда. "Qosyl Game" жобасына да қызығушылар көп. Себебі интеллект алға шыққанын жастар жіті түсінген. Сондықтан "Монополия", "Мафия", "UNO" секілді ойды ширататын ойындарға қатысу үшін осы орталыққа жиналады.

Бұдан бөлек, шығармашылық әлеуетті шыңдау шет қалған емес. Орталықта "би залы" қызмет көрсетуде. Бүгінгі күні 10-ға жуық би топтары дайындығын жүргізіп, қызметті тұрақты қолданып келеді. 2 жылдан астам уақыт ішінде "Qosyl" замануи би тобы республикалық, облыстық сайыстарда топ жарып, асуларды бағынды. Сондай-ақ, орталық жастардың үлкен сахнаға жолдама алуына да сеп. "Qosyl Acoustic" бағыты бойынша орталықта 50-ден астам резидент өнерін паш етіп, ғимарат ішін сазды әуенмен көмкеріп келеді.

Заман талабы ескерілген орталықта WI-FI, коворкинг орталығы, креатив фото-видео студиясы, жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетуде. Бүгінге дейін Google тіркеу журналы арқылы жүргізілген есепке сәйкес, орталыққа келушілер саны 7998 жасқа жеткен. Бірақ орталық санға емес, сапаға жұмыс істеуді басты мақсат етіп отыр.

"Qosyl" жастар ресурстық орталығы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

"Мемлекет басшысының "Жастар үшін емес, жастармен бірге!" қағидатына сәйкес, жастармен бір толқында болуға тырысамыз. Барлық іс-шара оқырмандар арасында ұйымдастырылатын сауалнаманың қорытындысы негізінде өтеді. Жастардың өзін бүгінде екі топқа бөліп қарастырып жүрміз, "ұйымдасқан", "ұйымдаспаған" жастар деп. Бірақ бізде шектеу жоқ. Мақсат – жастарды бөліп қарамай, барлығына бірдей сапалы қызмет көрсету. Жұмысқа орналасуға жағдай жасау, мемлекеттік бағдараламалардың игілігін көруге шақырып, бос уақытын қажетіне жаратуына атсалысу", – деді орталық маманы Б. Нұрғазы.

Сандарды сөйлетсек. Қаладағы мемлекеттік жастар саясатын дамытуға бөлінген қаржыға 6 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда "Қала жастарының қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша үйірме жұмыстарын ұйымдастыру" әлеуметтік қызметі үйірме жұмысын кәсіби мамандардарды тарта отырып жүргізуге ықпал етуде. Ал "Жастар бастамаларын қолдау" әлеуметтік қызметі бойынша сертификатталған тренермен бірге оқыту өтеді. "Жоба менеджементі" тақырыбындағы оқытудың қорытындысымен 10 шағын жоба әзірленіп, 150 000 тг көлемінде қайтарымсыз негізде гранттық қаржылар тасбысталды.

"Жастардың психикалық денсаулығы және суицидтің алдын алу" әлеуметтік қызметі өзегін жоғалтпайды. Қоғамдағы түйткілді тарқату бойынша бастамалар жалғасуда. Жастар үшін 24/7 үздіксіз режимде жұмыс жасайтын cаll-center қызметі іске қосылды. Психологиялық көмек анонимділік қағидатын сақтай отыра жүргізіледі. Қаланың барлық мектептерінің, арнаулы орта оқу орындарының және жоғары оқу орындарының психолог мамандарын квалификациялау да күн тәртібінде. Бұл ретте лектор, БҰҰ балалар қорының ұлттық тренері, Еуропа психологтар қауымдастығының мүшесі Абдрахманова Сымбатпен оқыту жұмыстары жалғасуда.

Жастардың кемшілігін күзеп, жаңа бастамаларға қолдау көрсету қалыс қалмауы керек. Қызылорда қаласы әкімінің "Самғау" жастар сыйлығы соған дәлел. Бұл әлеуметтік қызмет аясында тігіншілер, аспазшылар, дәнекерлеушілер, тас қалаушылар, электриктер, автомеханиктер, робототехника, 3D моделдеу, автоэлектриктер, дизайнерлер арасында оншақты байқау өткен. Жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар, статуэткалар, қаржылай сыйлық (100 000 теңге) табыстау жоспарда. Бұдан бөлек, "Qosyl premiya" салтанатты шарасын ұйымдастыру көзделіп отыр.

"Бүгінде жастар арасында ұйымдастырылған қандай шара болса да өзекті. Көбіне көп отбасын құру, кәсіп бастау, өмірлік ұстанымынан айнымау өзекті тақырыптар легінде. Шара өткізгенде жастар риза болса және өздеріне керекті кішкене болсын ақпарат, көкейлерінде жүрген сұраққа жауап тапса, бастысы осы", - дейді орталық мамандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046628-qyzylorda-qalasynyn-zastary-birqatar-bastamany-zuzege-asyruda/

pixel