jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы облыстық ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

тау
Тау. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар екенін ескертті. Cол себепті, тұрғындарды қарлы беткейлерге шықпауға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Telegram-дағы ресми арнасында Алматы облысының тауларында 21-23 қараша аралығында көшкін қаупі сақталады деп ескертті.

ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды.

"Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарындағы 55 учаскеде көшкін қаупі бар", - делінген хабарламада.

Ведомство қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болатынын еске салды.

Алматы облыстық ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.