jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көліктері кептеліп тұр: ҰҚК өкілдері пікір білдірді

Шекара бекетінде тұрған көліктер
Шекара аймағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көліктерінің кептелісі туралы мәлімдеп, тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қырғыз-қазақ шекарасында қырғыз жағынан "Ақ-тілек" (Қырғыз Республикасы) – "Қарасу" (Қазақстан Республикасы) өткізу пунктінде жүк көлік құралдарының кептелісі белгіленгенін Шекара қызметі хабарлайды. Жеміс көкөніс өнімдерін және жалпы Қазақстан арқылы жүктерді транзиттік өткізуімен байланысты маусымдық кіретін жүк ағымының артуы негізгі себеп", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ "Қарасу" өткізу пунктінің кіруге өткізім мүмкіндігі тәуілігіне 300 көлік екені айтылады.

Қалыптасқан жағдайдың есебінен Қырғыз Республикасының МҰҚК Шекара қызметімен тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылды, дейді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бүгін сағат 11:00-де қырғыз бұқаралық ақпарат құралдары шекара бақылауынан өту үшін "Ақ-тілек - Автожол" БӨП алдында 500 жүк көлігі тұрғанын хабарлаған еді. Биыл мұндай кептелістер жиі болып жатыр.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көліктері кептеліп тұр: ҰҚК өкілдері пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.