Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пысық еді": Павлодар облысында денесі табылған 7 жасар қызға қатысты тың дерек шықты

Опубликовано:

қыз бала
Кішкентай қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Осыдан бірнеше күн бұрын Павлодар облысында жоғалған 7 жасар қыздың денесі үйінің маңындағы қоқыстан табылған. Бүлдіршінді Екібастұзда жерлейді, деп хабарлайды КТК арнасы.

2015 жылы туған Давыдова Милананы іздеуге 300-ден аса адам мен техника жұмылдырылды.

КТК арнасының мәліметінше, тек екінші тәулікте кішкентай қыздың денесі Бесқауға ауылындағы қоқыстан табылды.

"7 Милана Давыдованы мәйіті алыстан емес, үй маңындағы үйілген қоқыстан табылды. Қылмысқа күдікті бөгде адам емес, баланың туған анасы болып шықты. Қызын ұрып өлтіріп, танысына көмдірген", - деп хабарлады КТК арнасы.

Арна мәліметіне сүйенсек, күдікке іліккен азаматша 39 жаста. Ал марқұм бүлдіршіннің әкесі мал бағып күзеуге кеткен екен.

"Мен жайлауда болдым. Маған "қызың жоғалып кетті" деп хабарлады. Олар демалыста маған келуі керек еді. Қоңырау шалып, Милана саған келмеді ме деп сұрады. "Не болып қалды? Ол қайда?" деп сұрадым. Жоғалып кеткенін білгеннен соң, жаяу айналаны қарап шықтым", - деді қыздың әкесі.

Марқұм қыздың көршілері оның пысық, алғыр болғанын айтты.

"Ол келіншек ішімдікке әуес. Күйеуі қысы-жазы малдың соңында. Осы оқиғаны естігенде сенбедім. Қызы пысық еді. Қазақша да, орысша да еркін сөйлейтін. Мықты, пысық болды", - деді көршісі.

Арна мәліметіне сүйенсек, қазір күдіктілер қамауда отыр. Ал бүлдіршінді Екібастұзда жерлейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046740-pysyq-edi-pavlodar-oblysynda-denesi-tabylgan-7-zasar-qyzga-qatysty-tyn-derek-syqty/

pixel