jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Павлодар облысында жоғалған 7 жасар қызды іздеуге 300-ден аса адам мен техника жұмылдырылды

Милана Давыдова
Милана Давыдова. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Павлодар облысында кеше жоғалып кеткен 7 жасар қызды іздеу жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Баланы іздеуге 300-ден аса адам мен техника жұмылдырылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қыздың жоғалғаны туралы арыз Екібастұз қаласының полициясына 17 қарашада сағат 21:15-те келіп түсті.

Полиция сағат 16:00 шамасында 39 жастағы әйел үш баласымен демалыс күндері ауылдан 15 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығындағы жұбайына баруға шешім қабылдағанын анықтады. Қызы Милана онда барудан бас тартып, үйден шығып кеткен. Ауыл тұрғындары қызды ауылдан 1,5 км қашықтықта орналасқан бөлімшеде көрген.

"17 қараша 21:48 сағатта Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Екібастұз қаласы, Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылында 2015 жылы туған қыз баланың жоғалып кеткені жөнінде хабарлама түсті. Хабарламаны алғаннан кейін бірден іздеу жұмыстары ұйымдастырылды.

Құтқарушылар, кинологтар, полиция қызметі, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер із-түзсіз жоғалған жасөспірімді іздеуде. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Барлығы 321-ден аса адам, 38 техника, 1 ұшақ жұмылдырылды. Жоғалған қызды іздеу жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Павлодар облысында жоғалған 7 жасар қызды іздеуге 300-ден аса адам мен техника жұмылдырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.