jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандық оқушы қазақ ханының портретін сөйлетті (видео)

Хромтау қаласы № 3 мектеп оқушысы Жомарт Азаматұлы
Хромтау қаласы № 3 мектеп оқушысы Жомарт Азаматұлы. Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы №3 орта мектептің 6-сынып оқушысы Жомарт Азаматұлы ойлап тапқан құрылғысының арқасында Тәуке ханның портретін сөйлетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Өнертабыстың ерекшелігі сонда, ол Тәуке хан тұсында Қазақ хандығында қабылданған "Жеті жарғы" заңын баяндайды.

Оқушы портретті жасауда түрлі қажетті техникалық құралдар мен аудиотаспаларды пайдаланған. Жұмысты әзірлеуге бір жыл уақыт кеткен. Портрет mp3-құрылғысымен, сенсорлы өшіру түймелерімен және 12 В қуат көзімен жабдықталған.

Жас өнертапқыш алдағы уақытта өзге де ақын-жазушылар мен тарихи тұлғалардың портреттерін сөйлетіп, сол арқылы өскелең ұрпаққа халық тарихын кеңінен насихаттауды жоспарлап отыр.

Қазақстандық оқушы қазақ ханының портретін сөйлетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.