Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада аялдама әйнегін тағы сындырып кетті: күдікті ұсталды

Опубликовано:

Елорда
Көрнекі фото: facebook.com/CityTransportation

Астана қаласында тәртіп сақшылары автобус аялдамасының әйнегін сындырған тағы бір ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство ақпараты бойынша, Біржан сал көшесіндегі аялдама әйнегін белгісіз біреудің сындырғаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына полиция патрулі жіберілді.

Тексеру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 18 жастағы қала тұрғынын анықтаған. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабы және 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Оған қатысты 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылады.

"Аталған материал шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторында", – деп хабарлады елордалық полиция.

Еске салайық, бұған дейін де осыған ұқсас жайт болған. Елорда көшелерінде вандализм жасаған тұрғын ұсталған болатын. Ол жасаған ісін мойындап, кешірім сұраған.

Кейін Астана қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елордадағы аялдама әйнегін сындырған ер адамды видеоға түсіріп, бейәдеп пікір білдірген тұрғынға қатысты үкім шығарғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046923-astanada-ayaldama-ainegin-syndyrgan-tagy-bir-adam-ustaldy/

pixel