Қазақстанның көп өңірінде дауыл тұратыны ескертілді
Опубликовано:

Ертең, 22 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды. Күшті жел, боран мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Астанада 22 қарашада кейде желдің екпіні 16-21 м/с дейін болады деп күтіледі, ал Шымкентте ертең таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр мен найзағай болады.
Ал Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20, ал түнде 25 м/с жетеді.
Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, облыстың орталығында екпіні 25 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында 15-20, кейде екпіні 23-28 м/с болатыны айтылады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз батыста, солтүстікте боран болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел түнде оңтүстікте, облыстың орталығында екпіні 15-20, күндіз батыста 15-20, кейде облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болатын жел тұрады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Атырауда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан және батыстан соғатын жел екпіні түнде 15-20, күндіз 15-20, 25 м/с болады.
22 қарашада күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда екпіні 25 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында 22 қарашада күндіз көктайғақ күтіледі.
22 қарашада таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Шымкент қ.: 22 қарашада таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.аласында 22 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қостанай қаласында 22 қарашада таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман, боран күтіледі.
Петропавл қаласында күндіз 22, тәулік бойы 23 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
22-23 қарашада Қостанай облысында жауын-шашын, облыстың батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
22 қарашада күндіз, 23 қарашада тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, 22 қарашада облыстың оңтүстігінде, шығысында, 23 қарашада облыстың оңтүстігінде, батысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
22 қарашада күндіз, 23 қарашада тәулік бойы Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 22 қарашада облыстың солтүстігінде, 23 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. 23 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 22 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, 23 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
22 қарашада күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 22 қарашада таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.
22 қарашада күндіз, 23 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 22-24 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 22-24 қарашада солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қаласында 23-24 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 22 қарашада күндіз, 23 қарашада тәулік бойы екпіні 15-20 м/с күтіледі.
22 қарашада Атырау облысының басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Ақтау қаласында 22 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
21 қарашаның сағат 21.00-ден 22 қарашаның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046945-qazaqstannyn-kop-onirinde-dauyl-turatyny-eskertildi/