Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда босанатын әйелдің жанына туыстарының кіруіне тыйым салынды

Опубликовано:

Жүкті келіншек
Көрнекі фото: Pixabay.com

Елімізде қызылша дертінің өршуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облыстық перинаталдық орталығында босанатын әйелдің жанынан серіктес болып кіруге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде СҚО перинаталдық орталығында қызметкерлердің бірі қызылшамен ауырып қалғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Қызылша жаңа туған нәрестенің өмірі үшін аса қауіпті, бұл жұқпалы ауру өлімге әкеліп соғуы мүмкін.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі медицина қызметкерінің расымен дертке шалдыққанын, бірақ ауруды жұқтырған қызметкер ол кезде баласымен бірге науқастануына байланысты демалысында болғанын айтты.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, науқас қызметкер емдеу мекемесінде емделушілермен байланыста болмаған.

"Облыстық перинаталдық орталықта қызылша инфекциясы тіркелмеген. Перинаталдық орталықта карантин енгізілген жоқ, бірақ серіктестік босануға тыйым салынды. Мұндай шешім көбісі вакцинация паспортын ұсынбағанына әрі қызылшамен ауырғанын растай алмағанына байланысты қабылданған.

Қызылшаның инкубациялық кезеңі ұзаққа созылады, келушілердің бірі ауруды жұқтырушы болуы мүмкін. Науқастар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына қауіп төнбеуі үшін осындай шешім қабылданды", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен жиында еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал талқыланғанын жазған едік.

Оның мәлімдемесі бойынша, бүгінде А гепатиті мен қызылша ауруының көбеюі алаңдаушылық туғызып отыр. Тиісті вакцина салдырмай ауру жұқтырғандар қатары көп. Мәселен, қызылша елдің барлық аймағында тіркелген. Ауруды ең көп жұқтырғандар Шымкент пен Алматыда анықталған.

"Осы ретте жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қызылшаға қарсы қосымша жаппай екпе салу науқанына дайындық шараларын қолға алған жөн", – деді Айжан Есмағамбетова.

Ал 9 қарашада денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарға үндеу жасап, ел тұрғындарын және балаларды қызылша ауруына қарсы екпе алуға шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046966-soltustik-qazaqstanda-bosanatyn-aieldin-zanyna-tuystarynyn-kiruine-tyiym-salyndy/

pixel