jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Жолдар мен тротуарлар көктайғақ": Алматыда аяз болатыны хабарланды

Қолшатыр ұстаған адамдар
Күз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы ауа райының нашарлауына байланысты көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

"Қазгидромет" РМК болжамынша, Алматы қаласында 23 қарашада, сонымен қатар, 29-30 қарашада аралығында ауа райы нашарлайды. Атап айтқанда жел күшейіп, жауын-шашын түсіп, қар жауады. Ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді.

"Жолдар мен тротуарларда көктайғақ болады. Жолға мұз қатуы мүмкін, жүргізушілерді өте мұқият болуға, арақашықтықты, бүйірлік аралықты сақтауға, қолайсыз ауа райын ескеріп, жылдамдықты асырмауға, шұғыл бұрылмауға және тежегішті бірден баспауға, жол белгілерін қатаң сақтауға шақырамыз", - деп ескертті Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасындағылар.

Ведомство өкілдері жаяу жүргіншілерді жолда абайлап жүріп, мүмкіндігінше сақ болуға шақырды.

"Жүргізуші сізді көріп, өткізіп жібергеніне көз жеткізіп, көлік құралы жауын-шашын кезінде, әсіресе көктайғақта бірден тоқтай алмайтынын есте сақтау қажет", - деді ведомство өкілдері.

Бұған дейін ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырғанын жазған едік.

"Жолдар мен тротуарлар көктайғақ": Алматыда аяз болатыны хабарланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.