Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 млн теңге мөлшерінде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген қазақстандық Латвияда ұсталды

Опубликовано:

Түрме
Түрме. Фото: pexels.com

12 млн теңге мөлшерінде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген қазақстандық Латвиядан елге экстрацияланды, деп хабарлады Бас прокуратура Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, ұстау операциясы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Бас прокуратура, ІІМ Интерпол қызметкерлерімен жүргізілген.

"2016 жылы күдікті, адам тобымен бірлесіп жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Сөйтіп сатып алушыға 12 млн теңге көлемінде залал келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Кейіннен ол Латвия аумағында ұсталды", – делінген хабарламада.

Ол Астананың тергеу изоляторына қамалды.

Бас прокуратура баспасөз қызметі өкілдері аталған қылмысты жасағаны үшін мүлікті тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысының полиция департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуде болған 32 жастағы Қазақстан азаматын Түркия Республикасының аумағында тұтқындағанын жазған едік.

16 қарашада Бас прокуратура, ҰҚК, ІІМ Интерполының қызметкерлері СІМ жәрдемдесуімен Болгариядан Қазақстан азаматын террористік топтың қызметіне қатысты деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047204-12-mln-tenge-molserinde-alayaqtyq-zasady-dep-kudikke-ilingen-qazaqstandyq-latviyada-ustaldy/

pixel