Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 секунд ішінде бұза алады": WhatsApp-та қауіпті бағдарлама шыққаны туралы ақпарат тарады

Опубликовано:

Телефон ұстап тұрған адам
Телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар мессенджерде телефонды қысқа уақыт ішінде бұза алатын Seismic Waves Card атты қауіпті бағдарлама шыққаны туралы ақпаратты бөлісіп жатыр. Алайда бұл фейк, деп хабарлады Stopfake.kz.

Портал ақпараты бойынша, мұндай хабарламалар мессенджерде 2023 жылдың қыркүйегінде тараған болатын. Оларды әр түрлі елдердегі пайдаланушылар жаппай жібере бастаған.

Алдымен бұл вирустық хабарламада Seismic Waves Card деп аталатын файлда Мароккодағы жер сілкінісі түсірілген фотолар бар деп жазылған. Кейін мәтін сәл өзгертіліп, "сізге еврей елді мекендеріндегі шайқастардың суреттері келеді" деген ескерту жазылды. Қалған бөлігінде хабарламалар бірдей.

Seismic Waves Card сынды зиян бағдарламаның бары немесе телефон бұзу жайты болғаны туралы нақты дәлелдер көрсетілмеген.

Портал мәліметіне сүйенсек, бұл хабарлама дүрбелең тудыруға бағытталған және фейк болып танылған. Tech Arp компаниясы бұл хабарлама ойдан шығарылғанын мәлімдеді. Компания Seismic Waves Card зиянды хабарламасы туралы ақпарат интернет кеңістігіндегі аңыз.

Stopfake.kz WhatsApp-қа жіберілген фото телефонды бұза алмайтынын атап өтті. WhatsApp мессенджерінде алаяқтық әрекеттердің көбі әдетте пайдаланушыларды сілтемелер арқылы интернеттегі үшінші тарап веб-сайттарына тартуға негізделген. Онда файлдарды жүктеу немесе тіркелу үшін деректерді енгізу сұралатынын айтты.

WhatsApp мессенджері арқылы фотосуреттерді жіберіп, қабылдау қауіпсіз, өйткені фотолар арқылы вирустар таратудың тиімді әрі әсерлі әдістері жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047222-10-sekund-isinde-buza-alady-whatsapp-ta-qauipti-bagdarlama-syqqany-turaly-aqparat-tarady/

pixel