Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Нигерия ұсталған азаматты Қазақстанға әлі экстрадициялаған жоқ

Опубликовано:

Ақжарқын Тұрлыбай
Ақжарқын Тұрлыбай. Фото: facebook.com/KazakhstanMFA

Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша ұсталған нигериялық азаматы әлі Қазақстанға экстрадицияланған жоқ. Бас прокуратура ақпараты бойынша, Нигерия оны әлі экстрадициялау туралы шешім қабылдамағанын мәлімдеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Былтыр маусымда Қазақстандағы есірткі контрабандасымен айналысты деп күдікке ілінген Адиндо Нонсо Фортун Нигерияда ұсталған болатын.

Бұл туралы Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов Facebook-парақшасында жазған болатын. Оның айтуынша, нигериялық 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Аталған мәліметті Қазақстанның Ішкі істер министрлігі өкілдері растады.

"Бүгінде оны қамауға алып, кейін Қазақстанға экстрадициялау туралы қосымша процессуалдық шешім қабылдау үшін Нигерия Интерполы Ұлттық орталық бюросына қажетті материалдар жіберілді", – деп хабарлады өткен жылдың маусым айында Ішкі істер министрлігі өкілдері.

Бүгінгі таңда Қазақстан Бас прокуратурасы NUR.KZ тілшісіне берген ақпараты бойынша, Алматы полициясы нигериялыққа қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қозғалды.

"Адиндо Н.Ф. ұсталғаны туралы ақпарат келіп түсуіне байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы дипломатиялық арналар арқылы Нигерияның құзырлы органдарына оны экстрадициялау туралы өтініш жіберді. Қазіргі уақытта нигериялық тарап өтінішті қарап жатыр", – деп атап өтті Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомство өкілдері тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

"Өзге де ақпаратты жариялау мүмкіндігі түпкі процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін қарастырылады", – деп қорытындылады Бас прокуратура.

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Шамамен бір ай бұрын Қытай тарабы Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047257-aqzarqyn-turlybai-isi-nigeriya-ustalgan-azamatty-qazaqstanga-ali-ekstradiciyalagan-zoq/

pixel