Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының кей көшелерінде газ беру уақытша тоқтатылады

Опубликовано:

Газ
Газ плитасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматының Түрксіб ауданындағы газ құбырында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 24 қараша мен 28 қараша кей көшелерде газ беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарлы жұмыс тұтынушыларға орташа қысымды Д-159 мм жерүсті газ құбырында газды үздіксіз әрі апатсыз беру үшін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты биыл 24 қарашада Земнухов – Шацкий – Тренев көшесі бойындағы жеке секторда орналасқан тұрғын үйлерде, сонымен қатар №304/2 учаскесінің жанындағы Қайрат шағын ауданындағы үйлерге газ беру өшіріледі.

28 қарашада Тараз – Линия-7, 9, 10, 11 – Көрімдік – Бәйге көшелерінің аумағында орналасқан тұрғын үйлерге де газ беру тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Мамандар осыған байланысты тұрғындардан "Интергаз Орталық Азия" АҚ МГҚ Алматы газ шаруашылығы қызметкерлері жүргізетін газ крандарын жабуды және іске қосу жұмыстары басталғанға дейін ашпауды сұрайды.

"Мәжбүрлі қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз, бұл Алматы қаласының газ желілерін апатсыз пайдалану үшін жасалады", -деп хабарлады "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047282-almatynyn-kei-koselerinde-gaz-beru-uaqytsa-toqtatylady/

pixel