Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісуда жыл басынан бері 5 жаңа мектеп іске қосылды

Опубликовано:

Мектеп
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Жетісу облысында жаңа 5 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы бір мектеп іске қосылады. Бұл туралы бүгін Астана қаласында өткен брифинг кезінде облыс басшысы Бейбіт Исабаев мәлімдеді.

"Облыста апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. Алайда бейімделген мектептердің проблемасын шешу өзекті болып отыр. Осы жылы жоспарланған 6 мектептің 5-уі іске қосылған, жыл соңына дейін тағы 1200 орынды бір мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Астана қаласында өткен брифинг кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты", - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сынып бөлмесі
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Журналистерге өңірдің дамуы жайлы баяндаған облыс басшысы қазір 5 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын, оның 2-уі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, Алакөл ауданы Достық ауылында 1200 орынды, Панфилов ауданы Жаркент қаласында 600 орынды мектеп.

Бейбіт Исабаев
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

"2026 жылға дейін облыста 21 жаңа мектеп салынады, оның 7-еуі «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде тұрғызылады", - деді Б. Исабаев.

Жалпы Жетісу облысында 340 мектеп, 130,3 мың оқушы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047438-zetisuda-zyl-basynan-beri-5-zana-mektep-iske-qosyldy/

pixel