Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Облыс әкімі жоғары шенді туралы: Мұндай адамдар полиция қатарында болмауы керек

Опубликовано:

Марат Күштібаев
Марат Күштібаев. Фото: gov.kz

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған полиция басқармасының бастығы қыз зорлады деп күдікке ілінгені туралы резонанстық жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейбіт Исабаев Талдықорған полиция басқармасының бастығы қызды зорлады деген күдікпен екі айға қамауға алынғанын еске салды.

"Ақталмаймын. Егер қоғамда тәртіпті қамтамасыз етуге сеніп тапсырылған құқық қорғау қызметінің басшысы мұндай әрекетті жасағаны дәлелденсе, онда менің ойымша, ол заң бойынша қатаң жауапқа тартылуы керек. Басқаларға бұл жағдай сабақ болуы керек. Ауыр, өкінішті, ұят. Мұндай адамдар полиция қатарында болмауы керек", - деді әкім.

Ол Жетісу облысына ІІМ басшысы келіп, қызметтік тексеру жүргізгенін еске салды.

"Облыстық полиция басқармасының басшысы, екі орынбасары қызметінен босатылды. Қалған екі орынбасарға атқаратын лауазымының толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жаза қолданылды. Облыстық полиция басқармасының бастығы лауазымына жаңа азамат келді. Оны біз қалалық полиция басқармасының бастығы лауазымына жаңа үміткер ретінде қарастырамыз. Облыс пен қаланың жеке құрамымен кездесулер өткіздік. Қысқаша айтқанда, жағымсыз әңгіме болды. Оларға бұлай істеуге болмайтынын түсіндірдік", – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ облыс әкімі "Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді" деген мақалды мысалға келтірді.

Еске салайық, Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған еді. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін ол екі айға қамауға алынған. Күштібаев туралы бұған дейін де шыққан дауларды жинап шыққан едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047527-mundai-adamdar-policiya-qatarynda-bolmauy-kerek-oblys-akimi-zorlyq-zasady-dep-kudikke-ilingen-policiya-bassysy-turaly-pikir-bildirdi/

pixel