Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана 2035 жылы қалай өзгереді: қазақстандықтарға елорда бас жоспарының жобасы ұсынылды

Опубликовано:

Астана
Астана. Көрнекі фото: akorda.kz

Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының жобасы "Ашық НҚА" порталында халықтың талқысына салынды. Құжатқа сәйкес, елорда халқының саны 2,3 млн адамға дейін жету мүмкін, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары келешектегі кешенді дамудың, аумақты жоспарлы ұйымдастырудың, қаланың әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымы жүйесінің бағыттарын айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

Қазақстандықтар 2023 жылдың 8 желтоқсанына дейін оған қатысты пікір білдіріп, талқыға сала алады.

Мамандардың болжамынша, 2035 жылға өарай Астана халқының саны 2 275 000 адамға жету мүмкін. Еңбекке қабілетті жастағы халық есептік мерзімінің соңына қарай қала халқының 66% құрайды.

Сонымен қатар бірінші кезеңге (2025 ж.) бір адамға тұрғын үй қорымен қамтамасыз етуді 26 м2 дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл ретте тұрғын үй қоры 37 200 мың м2 құрайды.

"Бас жоспарда есептік мерзімге жалпы білім беретін мекемелердегі орындар санын 257,4 мың оқушы орнына немесе бұрыннан бар 94 341 орынға 164 мектепке немесе бастапқы жылға 100 мектепке ұлғайту көзделген.

Мектепке дейінгі мекемелер желісін дамыту үшін есептік мерзімге мектепке дейінгі мекемелердегі орындар санын 82,7 мың орынға ұлғайту көзделген, оның ішінде мемлекеттік және жеке үлгідегі жеке тұрған балабақшаларда 64,8", - делінген бас жоспар жобасында.

Халықты қызмет көрсету және тіршілік ету объектілерімен қамтамасыз ету үшін қала әрқайсысында 10 мыңға жуық халқы бар 148 жоспарлау секторына бөлінетін болады. Жоспарлау секторы - бұл бірнеше тұрғын аудандардан тұратын ірі қалалық аумақ.

Сонымен қатар, 2035 жылға қарай халық саны 2,3 млн. тұрғынды құраса есептік ең жоғары тәуліктік шығын тәулігіне 613 мың м3 болады. Ол үшін Ертіс-Қарағанды каналынан су құбырымен тәулігіне 210 мың м3 ССС-4 салу көзделген.

Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының жобасымен "Ашық НҚА" порталында толығырақ танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047648-astana-2035-zylga-qarai-qalai-ozgeredi-qazaqstandyqtarga-elorda-bas-zosparynyn-zobasy-usynyldy/

pixel