Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Опубликовано:

Абылай Мырзахметов
Абылай Мырзахметов. Фото: "Атамекен" ҰКП

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовті қамауға алу мерзімі ұзаратыны туралы ақпаратты NUR.KZ тілшісіне Астана қалалық соты баспасөз қызметі растады.

Қамауда ұстау мерзімі 2023 жылғы 10 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Еске салайық, бұған дейін "Атамекен" ҰКП бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынғаны туралы жазған едік.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны 10 мамырда ұстаған болатын.

Ол алаяқтықпен кәсіпкерді, оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ сенат кулуарында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты пікір білдірген еді.

Айта кетейік, қарашаның 21-і елордада бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаевқа қатысты сот үкімі шыққан болатын. Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047796-atameken-ukp-eks-bassysy-abylai-myrzaxmetovti-qamauda-ustau-merzimi-uzartyldy/

pixel