Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұман, жауын-шашын, көктайғақ": күздің соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Алматы
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына Қара теңіз аудандарынан циклон келеді.

28 қарашада батыс өңірлерде, 29 қарашада солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарда, 30 қарашада еліміздің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

28 және 30 қарашада солтүстік аймақтарда жел екпіні 23-28 м/с дейін жетіп, бұрқасын болуы ықтимал.

Оның әсері әсіресе, оңтүстік аймақтардың тұрғындарына білінеді, осыған дейін күн жылы болған бұл аймақтарда қатты жауын-шашын болады. Таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047806-tuman-zauyn-sasyn-koktaigaq-kuzdin-songy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel