jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Желіде Тоқаевтың фотосымен қазақстандықтарға 150 мың теңге төленеді деген жалған мәлімет тарады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Facebook желісінде Қазақстан президентінің фотосымен жарнама таратылып жатыр, онда "жыл соңында әр қазақстандықтың картасына 150 мың теңге төленеді" делінген. Stopfake.kz сайты ақпараттың жалған екенін ескертті.

    Ақпараттың шынайылығын тексеретін Stopfake.kz мәліметінше, Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттарында, президентінің akorda.kz сайтында мұндай төлемдер туралы ресми ақпарат жоқ. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында да хабарланбады.

    "Аталған ақпаратты жариялаған "Өтемақы орталығы" деп аталатын аккаунтта фейк парақшаның барлық белгісі байқалады. Профильде келтірілген мәліметтерде +52 коды бар байланыс телефоны жазылған, бұл Мексиканың коды. Ал суретке Қазақстанның елтаңбасы қойылған. Бірақ жарияланымдар лентасында оның орнында бұрын Беларусь Республикасының елтаңбасы болғанын көруге болады", - делінген сайтта.

    Фактчекерлер бұның -киберқылмыскерлердің әрекеті екенін жазды.

    "Өтемақы орталығы" арқылы өтемақы төлеу – бұл ескі алаяқтық схема, ҚР мемлекеттік техникалық қызметінің KZ-CERT сарапшылары ол туралы 2020 жылы қазақстандықтарға ескерткен болатын. Демек, таралған ақпаратқа сенбеген жөн", - деп ескертті мамандар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.