jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Шымкентте бесінші ауданның құрылуы халықпен кері байланыстың нығаюына жол ашты

Шымкент
Көрнекі фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Тұран ауданының құрылуы халықпен кері байланыстың нығаюына ықпал етіп, тұрғындарды мазалайтын өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне жол ашты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков мәлімдеді.

"Шымкент қаласында жаңадан бесінші ауданның құрылуы — халықпен кері байланыстың нығаюына ықпал етіп, тұрғындарды мазалайтын өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне жол ашты. Мәселен, тұрғындар көшені жарықтандыру мәселесін бізге айтады. Біз энергетика басқармасына өтінім беретін едік.

Осы жағдайды қала басшылығына түсіндіріп едік, жарықтандыру бағытына бөлінетін қаржы бойынша шешім қабылдау өкілеттілігін аудан әкімдіктеріне берді. Соның нәтижесінде биыл Тұран ауданында 22 көше жарықтандырылса, 2024 жылы 200 көшені жарықтандыруды жоспарлап отырмыз", — деді Б.Болатбеков.

Брифинг барысында аудан әкімі жол құрылысы, шағал тас төсеу, сапалы электр қуатымен, ауыз сумен қамту, газдандыру бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ "Халық қатысатын бюджет" жобасының орындалу барысы туралы да баяндалды.

Шымкентте бесінші ауданның құрылуы халықпен кері байланыстың нығаюына жол ашты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.