jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Шымкентте емхана жанынан "Үздік тәжірибелік орталық" ашылды

Емхана жанынан “Үздік тәжірибелік орталық” ашылды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қалалық №3 емханада «Үздік тәжірибелік орталығы» ашылды. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының төрағасы Төлебай Рахыпбеков және қала тұрғындары, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері қатысты. Таяуда осы емхана жанынан «Сұңқар» Жастар денсаулық орталығы ашылған-тын.

Үздік тәжірибелік орталық бұған дейін қалалық №6 емханада жұмысын бастаған еді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық бағыты аясында, медициналық қызметтің сапасын арттыру бойынша өңірлерде осындай орталықтар іске қосылуда. Мұнда медицина қызметкерлері бірлесе отырып, тұрғындарға әлеуметтік, репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша көмек көрсетеді. Атап айтқанда, мұнда жастар денсаулық орталығы, алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, отбасылық денсаулық орталығы, ана мен бала бұрышы бар.

Қала әкімінің орынбасары мұндай үздік тәжірибелік орталықтардың маңызы зор екенін, әлі де көптеп ашу қажет екенін атап өтті.

"Біз тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Бұл орталық медициналық қызметтің сапасын арттыруды мақсат етіп отыр. «Тәні саудың жаны сау» дейді халқымыз. Біз халыққа қызмет етіп қана қоймай, халықтың денсаулық сақтау саласындағы білімін де арттыруымыз керек. Халықтың дені сау болуы үшін сіздердің атқаратын қызметтеріңіздің жауапкершілігі мол. Мұндай орталықтар бізде көп болуы керек. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табады", – деді қала әкімінің орынбасары.

"Primary Health Care" ұлттық қауымдастығының төрағасы Төлебай Рахыпбеков мұндай орталықтар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының үздік әдістемесі бойынша іске асырылып жатқанын айтты.

Іс-шарада қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен қала тұрғындары орталықтың жұмысымен танысып, кабинеттерді аралап көрді.

Шымкентте емхана жанынан "Үздік тәжірибелік орталық" ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.