Шымкентте жаңбыр: бүгін Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Синоптиктер Астана, Алматы мен Шымкентте 29 қарашада ауа райы қандай болатынын болжады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,6 м/с.
Астанада да күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 7 градусқа дейін жетіп, түнде -5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,2 м/с.
Шымкентте бүгін жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 17 градусқа дейін көтеріліп, түнде 8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,8 м/с деңгейінде болмақ.
Сондай-ақ "Қазгидромет" РМК ресми сайтының мәліметінше, бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде), еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын, оңтүсігінде жаңбыр, оңтүстіктегі таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі.
Тек қиыр батыста, шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ бүгін Қазақстан бойынша тұман болып, жел күшейіп, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048096-symkentte-zanbyr-bugin-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/