jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Доғару керек": оқу-ағарту министрі мектеп директорларына, білім басқармасы басшыларына ескерту жасады

Ғани Бейсембаев
Ғани Бейсембаев. Фото: t.me/oqu_agartu

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев аппарат отырысында мектеп директорларына, білім басқармасының, бөлімінің басшыларына ескерту жасады. Министрдің айтуынша, мұғалімдерді қудалауды тоқтату қажет. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғани Бейсембаевтің сөзінше, оған педагогтерден қайта-қайта түсініксіз есептерді жинауға, құжат айналымының ұлғаюына қатысты арыз-шағымдар келіп түсіп жатыр.

"Ұйым басшылары, білім бөлімдері мен білім басқармалары өз бетінше шешім қабылдауды тоқтатуы қажет! "Педагог мәртебесі туралы" заң талаптарын сақтау керек. Тағы да айта кетейін, әрбір осындай шағым үшін мектеп директорлары, білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары жауапты болады", - деді министр.

Ғани Бейсембаев, ұстаздардың сапалы білім, саналы тәрбие беруіне барынша жағдай жасалу керектігін атап өтті.

"Ұжымдағы микроклиматқа өте мұқият болу керек. Талап болады. Талаптың барлығы заң шеңберінде койылуы керек. Әрбір мұғалім өзінің алдындағы балаға сапалы білім беруге ұмтылуға тиіс. Артық, заң шеңберінен тыс қудалаулар немес басқа да дүниелерді жасуды доғару керек", - дейді Ғани Бейсембаев.

"Доғару керек": оқу-ағарту министрі мектеп директорларына, білім басқармасы басшыларына ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.