jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Елімізде алдағы мерекелер қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

жолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы. Көрнекі фото: gov.kz

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында бірнеше бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайтынын хабарлады.

ҚТЖ мәліметінше, қосымша пойыздар мынадай бағыттар бойынша жүреді:

  • №201/202 "Нұр-Сұлтан 1 - Шымкент" бағыты бойынша 15, 29 желтоқсан мен 1 қаңтарда елордадан 3 пойыз жүреді. Шымкенттен пойыздар 16, 30 желтоқсан мен 2 қаңтарда қатынайды.
  • №203/204 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Алматы 2" бағыты бойынша 15, 28, 29 желтоқсанда және 1, 2 қаңтарда "Нұрлы жол" вокзал кешенінен 5 пойыз жүреді. Алматы 2 вокзалынан 16, 29, 30 желтоқсан мен 2, 3 қаңтарда жүреді.

Пойыз құрылымы стандартты купе мен плацкарт вагондарынан тұрады.

Сондай-ақ №7510/7509 "Астана - Павлодар" бағыты бойынша қосымша электр пойыздары жүреді. Пойыз елордадан 15, 29, 30 желтоқсанда, ал кері бағытта 18 желтоқсанда және 2 қаңтарда жүреді.

"Бұдан бөлек сұраныс көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады", - дейді ҚТЖ өкілдері.

Елімізде алдағы мерекелер қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.