jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Үйге қайта оралмаған": Ақтөбеде 8-сынып оқушысы іздестірілуде (фото)

Көшеде кетіп бара жатқан жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасы.

Ведомство мәліметінше, 2008 жылы туған ақтөбелік Иов Антон Алексеевич 27 қарашада сағат 15:00-де үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жасөспірімнің белгілері: дене бітімі арық, бойы 160-165 см, көзі көк.

Үйден шығарда үстінде қара түсті бас киім, қоңыр күрте, қою көк түсті шалбар, сондай-ақ қара рюкзак болған.

8-сынып оқушысын іздеуге полицейлер, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері әрі Zello-poisk еріктілері жұмылдырылған.

Полиция өкілдері жоғалған жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, "102" немесе 8771-785-1058 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Иов Антон Алексеевич
Иов Антон Алексеевич. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

"Үйге қайта оралмаған": Ақтөбеде 8-сынып оқушысы іздестірілуде (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.