Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неге Түркістан облысындағы Ясауи музейі 3 жылдан бері әлі аяқталмаған: әкім жауап берді

Опубликовано:

Қожа Ахмет Ясауи музейі, Түркістан
Қожа Ахмет Ясауи музейі, Түркістан. Фото: skcn.kz

ОКҚ брифингінде Түркістан облысы әкіміне 2020 жылы салына бастаған Қожа Ахмет Ясауи музейі неге әлі күнге дайын болмағаны туралы сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға "құрылыс кезінде құқықбұзушылық болды ма?", "музей құрылысына бөлінген миллиардтар қайда кетті?", "түрлі дереккөзге сенсек, қаражат сомасы 2-ден 4 млрд теңгеге дейін" деген сұрақтар қойылды.

"Нысан 2020 жылы тапсырылды. Құрылысты "Самұрық-Қазына" қоры жүргізіп, Түркістан қаласының әкімдігіне берді. Бірақ ол ішкі безендірусіз тапсырылған еді. Осыған байланысты қала әкімдігімен осы музейдің ішін жөндеуге қаражат жоспарланған болатын, бірақ бүгінгі таңда нысан әлі тапсырылған жоқ. Мен бұл нысанға өзім бардым, бірақ бұл мәселені толықтай түсінбеуім мүмкін.

Қазір тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, алдымен шығындардың дұрыс-бұрысы анықталғанын күтуіміз керек, содан кейін шешім қабылдаймыз. Осындай мәселе басқа да нысандар бойынша қаралып жатыр, жеті көл жағалауын нығайту бойынша, электрокарлар бойынша, визит-орталық бойынша, монша кешені бойынша, неке қию үйі бойынша мәселелер бар", – деді Сатыбалды.

Еске салайық, былтыр Ясауи кесенесінің жағдайына қатысты мәселе де көтерілген болатын – бұл кезде ғимараттарда ылғал мен дымқыл дақтар табылған.

Айта кетейік, Samruk-Kazyna Construction сайтындағы ақпарат бойынша, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи музейі 2020 жылдың 10 қыркүйегінде пайдалануға берілген. Сол жылдың 23 қыркүйегінде Түркістан қаласының коммуналдық меншігіне нысанды сыйға тарту шарты жасалды.

2020 жылғы 14 қазанда Түркістан қаласының әкімдігінде жылжымайтын мүлікке құқық тіркелді. Құрылыс алаңы - 0,86 гектар. Үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы - 3 381 шаршы метр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048198-nege-turkistan-oblysyndagy-yasaui-muzeii-3-zyldan-beri-ali-ayaqtalmagan-akim-zauap-berdi/

pixel