Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісудағы Ынтымақ ауылының оқушылары үшінші тоқсанда жаңа мектепке барады

Опубликовано:

Мектеп
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін Талдықорған қаласында 3600 орындық 3 мектеп салынады.

Атап айтқанда «Көктал» шағын ауданында 1200 орындық, Батыс тұрғын ауданында 1500 орындық және «Жастар-2» шағын ауданында 900 орындық мектеп салу көзделген. Оған қоса 9-шағын ауданда тағы бір мектеп салу жоспарда бар. Бұл туралы бүгін Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифинг кезінде Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл айтты.

Ернат Бәзіл
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Спикердің айтуынша, бұл жоба оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесін жүйелі түрде шешуге, бағытталып отыр. Жаңа жайлы мектептердің тұжырымдамалық айырмашылығы сол, онда бірыңғай құрылыс стандарттары сақталады, балалардың қауіпсіздік шаралары арттырылып, пәндік кабинеттермен және зертханалармен толық жарақтандыру жүргізіледі, 1-4 сынып оқушылары мен 5-11 сынып оқушылары үшін бөлек оқу блоктары мен спорт залдары болады, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қажетті жағдайлар жасалады. Осы жаңалықтардың барлығы балалардың дағдылары мен құзыреттерін жан-жақты дамытуға септігін тигізбек. Ал мектеп нысандарын салу мен іске қосу кезінде мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

«Жайлы мектеп» жобасының кездесуі
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Қала әкімі 600 орындық мектеп-интернаттың құрылысын жүргізу 2024-2025 жылдарға жоспарланып отырғанын айтты. Сонымен қатар қаланың оңтүстік-батыс бөлігіндегі 9 шағын ауданында 1200 орындық мектеп салынатынын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда жобалау жұмыстарын жүргізуге 63,1 млн теңге сомасында қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілген.

Сынып бөлмесі
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

"Қуанышты жаңалығымыздың бірі - Ынтымақ елді мекеніндегі 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Оқушылар жаңа жылдан бастап, яғни үшінші тоқсаннан сол мектепте оқуға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде мектепке жақын орналасқан тұрғындар үшін қолайлы болмақ", - деді Ернат Бәзіл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048206-zetisudagy-yntymaq-auylynyn-oqusylary-usinsi-toqsanda-zana-mektepke-barady/

pixel