Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Білуімізше жастар, студенттер тұрады": оқиға орнына келген Алмалы ауданының әкімі хостелдегі өрт туралы ақпарат берді

Опубликовано:

Айдар Жәкібаев
Айдар Жәкібаев оқиға орнында. Фото: NUR.KZ/Ардақ Құлтай

30 қарашада таңғы уақытта Алматыдағы хостел өртенді. Салдарынан 13 адам қаза болып, тағы бірнеше адам зардап шекті. Оқиға орнына барған Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев эвакуацияланған хостел тұрғындары жақын маңдағы мектептің спорт залына орналастырылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Өрт болған жерден 56 адам эавкуацияланды. 45 адамды орналастырдық. Алғашқыларын жақын жердегі мектептің спорт залына орналастырдық. Ыстық тамақпен, керек заттармен қамтамасыз еттік. Медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Барлық шара жасалып жатыр", - деді Айдар Жақыбаев.

Алмалы ауданының әкімінің айтуынша, эвакуацияланған тұрғындарға дереу керек заттары жеткізіледі.

"Зардап шеккендер ауруханада. Қазір тұрғындардың жеке басы анықталуда. Білуімізше, мұнда жастар және студенттер тұрады. Эвакуацияланғандар арасында Үндістан, Пәкістаннан келген мед университеттің студенттері болды", - деді Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев.

Айта кетейік, 30 қарашада сағат 05:33-те Алматы қаласы Ади Шәріпов көшесіндегі жатақханадан өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2 адамның Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов алғашқы рейспен төтенше жағдай болған Алматыға ұшып келетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048338-biluimizse-zastar-studentter-turady-oqiga-ornyna-kelgen-almaly-audanynyn-akimi-xosteldegi-ort-turaly-aqparat-berdi/

pixel