jitsu gif
Оқыс оқиға

    Досаев Алматыда қайғылы жағдай болған хостелге келді

    Ерболат Досаев
    Ерболат Досаев. Фото: NUR.KZ/Ардақ Құлтай

    Қайғылы жағдай болған жерге Алматы әкімі Ерболат Досаев келді. Бүгін Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тапқан еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Оқиға орнына Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев пен қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев келді.

    Алматыға Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов та ұшып келеді.

    Төтенше жағдай орнында тілшіміз де жүр. Полицейлер өрт болған ғимаратты қоршауға алды. Оқиға болған жерде өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктері тұр.

    Айта кетейік, 30 қарашада сағат 05:33-те Алматы қаласы Ади Шәріпов көшесіндегі жатақханадан өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

    Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2 адамның Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеген еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.