Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын қайтадан тией бастады

Опубликовано:

Каспий құбыр консорциумының танкері
Каспий құбыр консорциумының танкері. Фото: cpc.ru

Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында танкерлерге мұнай тиеу қайта басталды. Мұнай тиеу үрдісі 27 қарашада тоқтатылған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның пресс-релизіне сілтеме жасап.

Каспий құбыр консорциумы дүйсенбі күні қолайсыз ауа райына байланысты теңіз терминалында танкерлерге мұнай тиеу тоқтатылғанын хабарлаған болатын.

Бүгін, 30 қарашада терминалда танкерлерге мұнай тиеу қайта басталды. 

Қалқымалы шлангілер мен айлақ маңындағы құрылғыларға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде зақымданған құрылғылар анықталды.

"ВПУ-3 құрылғысының сыртқы бөлігіндегі қалқымалы шлангінің зақымданғаны анықталды. Дауылдың салдарынан шланг бүгілген. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде, мұнайдың төгілуіне, авариялық жағдайлардың туындауына жол бермеу мақсатында ВПУ-3 құрылғысы пайдаланудан шығарылды. Мұнай төгілген жоқ. Төтенше жағдай туындамады. Тұрғындарға, Қара теңіздің флорасы мен фаунасына қауіп төнбеді", - деп хабарлады Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі. 

Қазір теңіз терминалында мұнайды жөнелту ВПУ-1 және ВПУ-2 құрылғылары арқылы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. 

«ВПУ-3 құрылғысындағы қалқымалы шлангілердің бүлінген секцияларын ауыстыру ауа райының қолайлы кезінде қолда бар қосалқы бөлшектермен жүзеге асырылады. Қалқымалы шлангтың зақымдалған секциялары ауыстырылғаннан кейін ВПУ-3 құрылғысының пайдалануға берілгені туралы қосымша хабарланады», - деп мәлім етті консорциумның баспасөз қызметінен. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048536-kaspii-qubyr-konsorciumy-qazaqstan-munaiyn-qaitadan-tiei-bastady/

pixel