jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

"Электр қуаты өшсе де жүре алады": Алматыда 17 жаңа троллейбус жолға шықты (фото, видео)

Алматыда жолға шыққан жаңа троллейбустар
Алматыда жолға шыққан жаңа троллейбустар: Алматы әкімдігі

Алматыда тағы 17 жаңа троллейбус жолға шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің өкілдері ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында.

Бүгінде қалаға 55 троллейбус жеткізілген, оның 19-ы №1, №9, №12, №5, №11, №25, №7, №19, №6 маршруттарына қосылып отыр. Көрсетілген бағыттар бойынша тағы 17 жаңа троллейбус жолға шыққан.

Сондай-ақ әкімдік өкілдерінің мәліметінше, техникалық дайындықтан өткен жаңа троллейбустар жолаушылар тасымалына шығады, соның нәтижесінде барлық 9 бағыт бойынша 60 пайыз жаңа троллейбус жолға шығады.

"Ал бұған дейін Алматының №1 троллейбус паркі Yutong ZK6128BEVG моделіндегі 12 метрлік төмен еденді троллейбустардың бірінші партиясын алғанын хабарлаған едік. Жылжымалы құрам Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен соңғы 11 жылда алғаш рет жаңартылып жатыр", - дейді әкімдіктегілер.

Жаңа "Ютонгтар" жолаушылардың жайлы әрі қауіпсіз қозғалысы үшін барлық қажетті құрылғымен жабдықталған, электр қуаты өшіп қалса да, батареямен жүре алады.

"Электр қуаты өшсе де жүре алады": Алматыда 17 жаңа троллейбус жолға шықты (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.