Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоңырау шалып, сұрап жатқандар көп": Назарбаевтың жаңа кітабы қаншалықты сатылып жатыр (фото)

Жарияланған күні:

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа кітабы
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа кітабы. Фото: kaz.nur.kz/Ардақ Құлтай

Нұрсұлтан Назарбаевтың "Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа" деп аталатын жаңа кітабы "Алматыкітап" баспасының дүкенінде сатылымға шықты. KAZ.NUR.KZ тілшісі кітап дүкеніне барып, кітап сатылымына қатысты мән-жайды білді.

Тұңғыш президенттің жаңа кітабы көп дүкенге әзірше түсіп үлгермеген. Мысалы "Меломан" сауда желісінің филиалдарында әзірше бұл кітап жоқ екенін білдік. Ал "Алматыкітап" баспасының Абай даңғылының бойында орналасқан филиалында сатылымға шыққан.

Кітап "Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" деп аталады. Кітап екі тілде жазылған - қазақ және орыс тілдерінде.

Қазақстандықтар кітапты бұл баспада 5980 теңгеге сатып ала алады. Кітап "Фолиант" баспасынан 7500 данамен шыққан.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сатылымға шыққан кітабы
Нұрсұлтан Назарбаевтың сатылымға шыққан кітабы. Фото: kaz.nur.kz/Ардақ Құлтай

Сатушылардың бірі қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптар бірдей көлемде сатылып жатқанын айтты. Мысалы таңнан бері 10-нан аса кітап сатылған. Сондай-ақ сатушыдан бұл кітаптың бар-жоғын сұрап, қоңырау шалып жатқандар көп екенін білдік.

"Таңнан бері 30-ға жуық адам телефон шалып, кітап сатылымда бар ма, жоқ па деп сұрап жатыр. Біз кітаптың екі қабын сатып болдық. Бұл бес-бестен 10 кітап. Енді үшінші қапты ашып жатырмыз", - деді сатушы.

"Алматыкітап" баспасының дүкеніне келушілер
"Алматыкітап" баспасының дүкеніне келушілер. Фото: kaz.nur.kz/Ардақ Құлтай

Айта кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа кітабы бүгін, 1 желтоқсанда шықты. Бұл туралы Х желісінде оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.

Сондай-ақ бүгін – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні.

Бұл күн 2012 жылдан 2022 жылға дейін 1 желтоқсанда жыл сайын мемлекеттік мереке ретінде атап өтілген болатын. 2022 жылдың 29 қыркүйегінде қабылданған "Мерекелер туралы заң" бойынша, мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048633-eks-prezident-nazarbaevtyn-zana-kitaby-satylymga-syqty/