Шымкентте қалың тұман: рейстердің уақыты өзгерді
Жарияланған күні:
Шымкент қаласында ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рейстің уақыты өзгертілді. Бұл жайлы FlyArystan әуекомпаниясы Telegram арнасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қалың тұман мен жеткілікті көріністің жоқтығынан келесі рейстер кешіктіріледі:
- KC7307 Астана-Шымкент, ұшу уақыты 1 желтоқсан 22:00 болып өзгертілді;
- KC7308 Шымкент-Астана, ұшу уақыты 2 желтоқсан 00:20 болып өзгертілді", - деп хабарлады әуекомпаниясы.
Ал тұманға байланысты келесі рейстер кейінге шегерілген.
- KC7325 Астана-Шымкент сағат 21:00;
- КС7326 Шымкент-Астана сағат 23:20;
- KC7576 Ақтау-Шымкент сағат 21:00;
- KC7507 Шымкент-Астана сағат 20:30;
- КС7228 Шымкент-Атырау сағат 00:00-ге шегерілген.
"Ағымдағы болжам бойынша нақты ауа-райы Шымкент әуежайында ұшып қонуға мүмкіндік бермейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген ұшу уақыты кейінге шегерілуі мүмкін. Әуекомпания Шымкент әуежайы аймағындағы ауа-райы болжамын үздіксіз бақылап отыр", - деп мәлім етті әуекомпаниясы.
Әуекомпания рейстің жолаушыларына төмендегі жағдай жасалатынын да атап өтті:
- Екі сағаттан артық кешіктірілген кезде: жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық пошта хабарламасын сұрай алады;
- Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде-ыстық тамақ ұсынылады. (2 мәрте ұсынылды);
- Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне жүгінуді сұраймыз;
- Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады;
- Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар толық билет қайтарымын жүзеге асыра алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048748-symkentte-qalyn-tuman-reisterdin-uaqyty-ozgerdi/