jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте бақбақ қайта гүлдеді

Бақбақ
Бақбақ. Видеодан кадр: Астана арнасы/Youtube

Шымкентте қыс келгенде бақбақ қайта гүлдеді. Бұл жайлы "Астана" арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арна мәліметінше, синоптиктер алдағы апта Оңтүстікте ауа райы тек 5 градусқа дейін суытатынын айтқан.

Арнаның өңірлік тілшісінің мәліметінше, қыстың алғашқы күні саябақтарда көк өскін қайта шығып, бақбақ гүлдеген.

"Өткен тәулікте ауа температурасы төмендеді. Алайда бүгін көктем секілді. Бақбақ гүлдеп тұр.

Ауа райын болжаушылар алдағы аптада жауын –шашын күтілмейтінін айтады. Желтоқсанның алғашқы онкүндігінде ауа температурасы сынап бағанасынан төмен түспейтінін болжауда. Күндіз + 13 -17 градуқа дейін жылы болады. Тек желтоқсанның үшінші онкүндігінде ғана күн суытады деп күтілуде", - деді арна тілшісі Айзада Төребекқызы.

Шымкентте бақбақ қайта гүлдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.