Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған полициясына жаңа бастық тағайындалды

Опубликовано:

Ернар Ширбаев
Ернар Ширбаев. Фото: Жетісу облыстық ПД

Ішкі істер министрінің бұйырғымен Талдықорған қаласының полиция басқармасына жаңа бастық тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы болып, бұған дейін Ақсу ауданының полиция бөлімін басқарған Ернар Ширбаев тағайындалған.

Ернар Ширбаев ішкі істе органдарындағы қызметін Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының жедел уәкілі болып бастаған. Жедел-тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеген.

2011-2022 жылдары аралығында Жетісу облысы полиция департаментінің Қаратал, Панфилов, Ақсу, Ескелді, Алакөл аудандарындағы, сондай-ақ Алматы облыстық ПД-ның Қарасай ауданындағы полиция бөлімдерінде басшылық қызметтер атқарған.

2022 жылғы шілдеде Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалған.

"Полиция подполковнигі" арнайы атағы бар.

Естеріңізге сала кетсек, 13 қарашада Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болған еді.

Сол кезде Жетісу облыстық полиция департаментінің ресми сайтында Талдықорған қалалық полиция басқармасын Марат Күштібаевтың басқаратыны жазылған болатын.

14 қарашада оның екі айға қамауға алынғаны хабарланды. Тергеу барысын Ішкі істер министрлігі бақылауға алды.

Ал Талдықорған қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқару Талдықорған ҚПБ бастығының орынбасары Қайрат Баймұхановқа жүктелді.

Сондай-ақ бұл жайттан кейін Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды. Оның міндетін атқару ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған генерал-майор Арман Садановқа жүктелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048792-taldyqorgan-policiyasyna-zana-bastyq-tagaiyndaldy/

pixel