Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көктайғақ, боран, жел": Астана мен бірқатар облыста дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Боранды күн
Боранды күн. Көрнекі фото: Рixabay.com

3 желтоқсанда Астана мен еліміздің бірнеше облысында боран соғып, жел тұрады деп күтілуде. Осы орайда синоптиктер бірқатар өңірде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, 3 желтоқсанда Астанада қар, көктайғақ, бұрқасын, жел күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28, 30 м/с-қа дейін жетіп, тіпті одан да асуы мүмкін.

3 желтоқсанда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және Жезқазған, Қарағанды қалаларында көктайғақ, жел күтіледі. Жезқазған қаласында және Ұлытау облысында желдің күші 15-20 м/с, кей уақытта аймақтарда 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

3 желтоқсанда Қарағанды, Семей, Өскемен қалаларында да күші 15-20 м/с болатын жел соғады. Қарағанды қаласында күндіз желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

3 желтоқсанда түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, күндіз солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын, екпіні 15-20 м/с болатын жел күтіледі.

3 желтоқсан Орал қаласында күндіз көктайғақ, сондай-ақ Қызылорда кей уақытта тұман күтіледі.

3 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман, жел күтіледі. Желдің күші облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с.

3 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, сонымен қатар Шымкент пен Түркістан қалаларында тұман күтіледі. Бұдан бөлек, өңірде жел тұрып, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

3 желтоқсанда Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында, Атырау қаласында тұман, облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

3 желтоқсанда Павлодар қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын, жел күтіледі. Желдің күші 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

3 желтоқсанда түнде Ақтөбе қаласында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, екпіні 15-20 м/с болатын жел күтіледі.

3 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында және Ақтау қаласында тұман күтіледі.

3 желтоқсанда Қостанай қаласында бұрқасын, түнде және таңертең көктайғақ, күші 15-20 м/с болатын жел күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048801-boran-zel-astana-men-elimizdin-birnese-oblysynda-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel