Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал қаласында пікірсайыс додасының үздіктері анықталды

Опубликовано:

Оралда пікірсайыс додасы өтті
Оралда пікірсайыс додасы өтті. Фото: БҚО әкімдігі

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне орай Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ағымдағы жылдың 2-3 желтоқсан күндері Махамбет университетінде республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Студенттер мен магистранттар арасында өткізілген пікірсайыс додасына Астана, Алматы, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Орал қалалары мен Түркістан және Маңғыстау облысының бірқатар білім ордалары қатысты.

Турнирдің негізгі мақсаты: Шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, өз ойын жетік және айқын жеткізе білетін жастар қатарын арттыру, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылау және оларды шешу бағытында тың идеялардың туындауына мүмкіндік жасау, жастардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, қоғамдық мәселелердің шешімін табуға ел жастарын біріктіріп, олардың интеллектуалдық әлеуетін арттыру, елімізде пікірсайыс қозғалысының дамуына үлес қосу және студент жастар арасында өзара тәжірибе алмасу.

Оралда пікірсайыс додасы өтті
Оралда пікірсайыс додасы өтті. Фото: БҚО әкімдігі

28 фракция, 56 спикер арасындағы пікісайыс турнирі "БПФ", "АПФ", "Линкольн - Дуглас" форматтарының ережесі бойынша бойынша жүргізіліп, үздіктер анықталды.

Пікірсайыс турнирінің салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Шөкеева Гүлжанар Болатқызы қатысып, барлық қатысушыларға айтулы мерекенің маңызын айтып сәттілік тіледі. Ал қорытынды марапаттау рәсіміне БҚО Қоғамдық даму басқармасының жастар ісі бөлімінің басшысы Бисекенов Мирфат Талғатұлы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сүлейменов Мерген Қуанышұлы қатысып, үздіктерді марапаттады.

Оралда пікірсайыс додасы өтті
Оралда пікірсайыс додасы өтті. Фото: БҚО әкімдігі

Турнирдің қорытындысы бойынша озық ойымен ерекшеленіп, үздік нәтиже көрсеткені үшін қазақ лигасы бойынша "I-орын" Атырау қаласы, Халел Досмухамедов атындағы Атырау Университеті "Сенатор" фракциясы: Исмуханов Даурен, Өмертаев Бақдәулет арнайы кубок және қаржылай 300 000 теңге сертификатпен марапатталды.

Оралда пікірсайыс додасы өтті
Оралда пікірсайыс додасы өтті. Фото: БҚО әкімдігі

"II-орын" Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтау қаласы, "Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті", "1612" фракциясы: Ханиев Аманжол, Бозаев Тұрар арнайы кубок және қаржылай 200 000 теңге сертификатпен марапатталды.

Оралда пікірсайыс додасы өтті
Оралда пікірсайыс додасы өтті: БҚО әкімдігі

"III-орын" Алматы қаласы, Тұран университеті, Ақтау қаласы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерінен құралған "Маңғыстау үшін»" фракциясы: Еділбаев Ернар, Аманшин Азамат арнайы кубок және қаржылай 100 000 теңге сертификатпен марапатталды.

Оралда пікірсайыс додасы өтті
Оралда пікірсайыс додасы өтті. Фото: БҚО әкімдігі

"Үздік спикер" атағын Ақтөбе қаласы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 6 курс студенті Айдана Боранбаева иемденіп, қаржылай 60 000 теңге сертификатпен, "Үздік төреші" аталымы бойынша университет түлегі Сарымсақов Айымбек қаржылай 60 000 теңге сертификатпен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049104-oral-qalasynda-pikirsaiys-dodasynyn-uzdikteri-anyqtaldy/

pixel