Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 градус аяз, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Аяз
Аяз. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Сайттағы ауа райының болжамына сәйкес, 5-6 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысында ауа температурасы 2 градус аяз-3 градус жылыдан 7-12, облыстың батысында 15 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Қостанай облысында 5-6 желтоқсанда күндіз ауа температурасы 0-5 градус аяздан 10-15, облыстың батысында 18 градус аязға дейін, 7 желтоқсанда түнде 27-32, облыстың оңтүстігінде 23 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Ертең Астанада көктайғақ күтіледі. Түнде жаяу бұрқасын болмақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде және таңертең кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

5 желтоқсанда Ақмола облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

5 желтоқсанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігін тұман басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман болады. Күннің соңында облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күннің соңында облыстың батысында, орталығында екпіні 18 м/с.

5 желтоқсанда түнде Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

5 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.

Ертең Батыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жел солтүстік–батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с болмақ.

5 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

5 желтоқсанда түнде және таңертен Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с болады.

Ертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

5 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049107-30-gradus-ayaz-ben-koktaigaq-qazaqstannyn-birqatar-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel