jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қарттар мен балалар көшеге шықпағаны жөн": Жеңіс Қасымбек астаналықтарға үндеу жасады (видео)

Жеңіс Қасымбек
Жеңіс Қасымбек: t.me/KZgovernment

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала басшысының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімнің айтуынша, түнгі уақытта жауған жаңбырдың салдарынан Астана жолдары көктайғақ.

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын себуде. Олар түннен бері жұмыс істеп жатыр.

"Оқыс жағдайға ұшырап, жарақат алмас үшін қарттар мен балалар көшеге шықпағаны жөн. Ал көлік иелері өте мұқият болуы және қашықтықты сақтауы қажет. Травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді", - деп ескертті Астана әкімі.

Жеңіс Қысымбек аудан әкімдіктеріне және МИБ/ПИК-ке аулалар мен қоғамдық орындарға инертті материал шашу тапсырылғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін елордалық полицейлер 5 желтоқсанға қараған түні Астанада 63 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін хабарлаған еді.

Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада мектеп оқушылары бүгін қашықтан оқитын болады.

"Қарттар мен балалар көшеге шықпағаны жөн": Жеңіс Қасымбек астаналықтарға үндеу жасады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.