Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы көшелері Жаңа жылға орай қалай және қашан безендіріледі: әкімдік жауабы

Опубликовано:

Алматыдағы сайтан дөңгелегі
Сайтан дөңгелегі. Фото: t.me/almaty_akimat

Алматы әкімдігі қала көшелері Жаңа жылға орай қалай безендірілетінін айтты, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасы.

Әкімдік ақпараты бойынша, Алматы Жаңа жылды тойлауға дайындалып жатыр. Желтоқсанның ортасына қарай қала көшелерінде шыршалар, ертегі кейіпкерлерінің фигуралары әрі мерекенің тағы да басқа атрибуттары орнатыла бастайды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтың айтуынша, қаланы безендірумен айналысатын компания ашық байқау жүргізу арқылы анықталады.

"Биіктігі 20 метр болатын басты шырша Абай алаңында орнатылады, ол 20 желтоқсанда салтанатты түрде жағылады. Қалада жалпы 60-тан аса шырша орнатылады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ әкімдік мәліметіне сүйенсек, қонақтар мен қала тұрғындарына жаңажылдық қысқы фестиваль, жәрмеңкелер, концерттер мен шеберлік дәрістері ұйымдастырылады.

"Қаланы безендіруде жарық композицияларының бірыңғай стильде болуына басты назар аударылады. Жаяу жүргіншілер көшелері, Абай және Астана алаңдары, Тұңғыш президент саябағы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының, Наталия Сац атындағы жасөспірімдер театрының, "Алматы арена" мұз кешенінің алдындағы алаңдар, сонымен бірге, әрбір аудандағы тартымды орындар инсталляциялармен, иллюминациялармен және фото-аймақтармен безендіріледі", - деп жазады әкімдік баспасөз қызметі.

Оған қоса, оңтүстік астанада түрлі ойын-сауық бағдарламасы бар 22 ашық мұз айдыны ашылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049231-almaty-koseleri-zana-zylga-orai-qalai-zane-qasan-bezendiriledi-akimdik-zauaby/

pixel