Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда күн -18 градусқа дейін суытады: синоптиктер көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Көктайғақ
Көктайғақ. Көрнекі фото: Michal Fludra/NurPhoto/Getty Images

9 желтоқсаннан бастап Алматыда ауа райы нашарлауы мүмкін, ауа температурасы төмендейді деп болжанады. Осыған байланысты синоптиктер көлік жүргізушілерін сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Telegram-дағы Almaty_joly арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, 9 желтоқсаннан бастап Алматыда ауа температурасы -18 градусқа дейін төмендеп, қар жауады және жел күшейеді, көлік пен жаяу жүргіншілер жолында көктайғақ болуы мүмкін.

Синоптиктер көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға шақырып, қыс мезгіліндегі мынадай қауіпсіздік ережелері туралы айтты:

  • қауіпсіз қашықтық пен көп бағытты жолда көліктер арасындағы ара-қашықтықты сақтау;
  • жылдамдық шегін қадағалау;
  • жол белгілері мен нұсқауларын назарда ұстап, оларды қатаң сақтау;
  • Маневр жасамау немесе бірден көлік тежегішін баспау.

Ал жаяу жүргіншілерге мынадай ережелер барын еске салады:

  • жолда, көшелерде сақ жүру;
  • жол бөлігін сақтықпен кесіп өту кезінде жүргізуші сізді көріп тұрғанына әрі өтуге мүмкіндік беріп тұрғанына көз жеткізу;
  • жолды мұз басқан жағдайда көлік жүргізушісі тежеуге басқанның өзінде ол бірден тоқтай алмайтынын естен шығармау.

Сондай-ақ қар жауған кезде тұрақты түрде жолдарды тазалау, қар үйінділерін жою, жолдағы көктайғақты жоюға көмектесетін материалдары бар 1240 қызметкер жол қызметкері мен 818 бірлік техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, бүгін Астанада қар жауды. Ауа температурасы күндіз 3 градусқа дейін көтерілсе, түнде -4 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы – 9,5 м/с.

Ауа райы нашарлауына байланысты синоптиктер елорда тұрғындарын жолда сақ болуды сұрады.

Сейсенбіде сағат 13:00-де травмпунктке 117 адам (13 бала) келіп түскен, оның ішінде 12 ересек адам ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар Астанада бір түнде 63 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Бұл жағдайға байланысты қала әкімі Жеңіс Қасымбек қарттар мен балалардың көшеге шықпауын қадағалауды сұрады.

Бұл ретте бірінші ауысымда оқитын барлық оқушы қашықтан оқытуға көшірілгенін атап өтті, бұған дейін екінші ауысым оқушыларын да қашықтан оқыту ұйымдастырылған болатын. Оған қоса қала маңындағы бағыттардың қозғалысы тоқтатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049270-almatyda-kun-18-gradusqa-deiin-suytady-sinoptikter-kolik-zurgizusilerine-undeu-zasady/

pixel