jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қажылық-2024: ҚМБД жаңа талап енгізілгенін хабарлады

Мекке қаласында қасиетті Қағбаны айналып жүрген адамдар
Мекке қаласында қасиетті Қағбаны айналып жүрген адамдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Алдағы қажылық маусым өткен маусымдарға қарағанда өзгеше болады. Биыл жаңа талап енгізілді, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы ресми сайтында.

Мүфтият мәліметінше, биылғы жылдың басты ерекшелігі 20 желтоқсанға дейін тіркелген азаматтар ғана қажылыққа бара алады.

"Себебі Сауд Арабия Королдігі Қажылық және ұмра министрлігінің талабына сай, "Қажылық-2024" маусымы бойынша белгіленген уақытқа дейін қажылар тіркеліп біткен елдерге қажылық орындары берілмек.

Яғни, 20 желтоқсанға дейін қажылықтың электронды жүйесіне тіркеліп, сол жүйеден алынатын қызмет түрлеріне (қонақ үй, Мина мен Арафат қызметтері) қаражатын төлеген кісі санының көлеміне сай, Қазақстан азаматтары үшін қажылық орындарының саны анықталады", - дейді ҚМДБ өкілдері. 

2024 жылы 17 туроператор қажылыққа ниет еткен отандастарымызға қызмет көрсету құқығына ие болған.

"Демек, конкурстан өткен 17 туроператор қажылардың қауіпсіздігіне, оларды Мекке-Мединаға апарып-әкелуге, қонақ үй және ас-сумен, транспортпен қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарын рәсімдеуге міндеттеледі", - дейді ҚМДБ өкілдері.

Қажылық-2024: ҚМБД жаңа талап енгізілгенін хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.