Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-ның бұрынғы әкімі Нәжімеден Есқалиев өмірден өтті

Опубликовано:

Нәжімеден Есқалиев
Нәжімеден Есқалиев. Фото: zhaikpress.kz

83 жасқа қараған шағында БҚО-ның бұрынғы әкімі Нәжімеден Есқалиев өмірден өтті. Ол өңірді 1992 жылдың ақпаны мен 1993 жылдың қаңтары аралығында басқарған еді, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Нәжімеден Есқалиевтің қазасы туралы БҚО әкімі Нариман Төреғалиев те хабарлап, оның жақындарына, туған-туыстарына көңіл айтты.

"Бүгін киелі өлкеміз Ақ Жайық пен кең байтақ қазақ елінің өркендеп дамуына айрықша үлес қосқан азамат, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Есқалиев Нәжімеден Ықсанұлы өмірден озды.

Біз, барша Ақ Жайық жұрты атынан қайраткер азамат, танымал тұлға Нәжімеден Ықсанұлының қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадық.

Нәжімеден Ықсанұлының өмірі мен еңбек жолы ел мүддесіне деген адалдықтың, Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгі-өнегесі. Нәжімеден Ықсанұлы білім-білігі жоғары мамандар толқынын қалыптастырған мемлекетшіл тұлға, сонымен қатар жұбайы Ырысты апай екеуі өнегелі, елжанды перзенттер тәрбиелеген отбасының отағасы. Біздің бұл уәжімізге Ғали Нәжімеденұлы, сіздің еңбек жолыңыз айқын дәлел, айшықты мысал.

Бүгінгі күні орны толмас қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Батыс Қазақстан облысы халқының және өзімнің атымнан сізге және ағайын-туыстарыңызға көңіл айтамын", - дейді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Айта кетейік, Нәжімеден Есқалиев Батыс Қазақстан облысын 2019-2022 жылдары басқарған Ғали Есқалиевтің әкесі.

Wikipedia-дағы мәліметке сүйенсек, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Нәжімеден Ықсанұлы Есқалиев 1941 жылы Ресейдің Астрахан облысы, Краснояр ауданында дүниеге келген.

Ол Орал облысы атқару комитетінің 1-орынбасары, 1986-1991 жылдары Орал облысы партия комитетінің 1-хатшысы, 1991-1992 жылдары Орал облысының кеңесінің төрағасы, 1992-1993 жылдары Орал облысының әкімі, 1993-1994 жылдары Көкшетау облысының әкімі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Қазақстанның Өзбекстандағы және Украинадағы елшісі болған. Орал қаласының құрметті азаматы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049304-bqo-nyn-buryngy-akimi-nazimeden-esqaliev-omirden-otti/

pixel