Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қараусыз қалған қариялар ерекше назарда

Опубликовано:

Қарттар үйі
Қарттар үйі. Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкентте қараусыз қалған қарияларды мемлекет қамқорлығына алу мақсатында ашылған №10-шы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 43 қария күн кешуде. Оның ішінде 10 қызмет алушы төсек тартып, ерекше күтімді қажет ететін жандар.

Орталықта пана тапқан қарттардың ең үлкені 88 жаста. Денсаулықтары сыр беретіні анық.

Сондықтан қарттар үйін аралап, қызмет алушылардың жай-күйімен танысқан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева әлеуметтік қызметкерлермен қатар дәрігерлердің қызметіне ерекше назар аударды. Әсіресе медициналық қызметкерлерге қатаң талап қойылды.

Қарттар үйі
Қарттар үйі. Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

"Бұл жерде қызмет алып жатқан әр азамат сіздерге аманат. Әрине еңбектеріңіз оңай емес. Алайда сіздерге сауапты да игі істі атқару бұйырып отыр. Өз ата-аналарыңызға қамқорлық жасағандай қарасаңыздар екен деймін. Өйткені, қызмет алушыларға дұрыс жағдай жасалынбаса, атқарылып жатқан істің барлығы бекер", — деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.

Қарттар үйі
Қарттар үйі. Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Қарттар үйінде қариялардың өмір сүруін жақсартуға бағытталған тұрмыстық, медициналық, психологиялық сынды бірқатар әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде. Қызмет алушыларға емдік-оңалту шаралары көрсетіліп, фито шәй беріледі. Медициналық бекет қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылған. Дәрігерлердің нұсқаулығымен қариялар сондай-ақ ауруханаға жатқызылып, стационарлық ем қабылдайды. Ота жасалынған екі қария қазіргі таңда мамандардың бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049510-symkentte-qarausyz-qalgan-qariyalar-erekse-nazarda/

pixel