Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысы волонтерлеріне арналған "Үздік волонтер" сыйлығы табысталды

Опубликовано:

Үздік волонтер
Үздік волонтер. Фото: БҚО әкімдігі

Волонтерлер күні бүкіл әлем бойынша БҰҰ еріктілерін қоса алғанда, волонтерлердің қызметі туралы ақпаратты тарату, қадірлеу, көтермелеу және дамыту мақсатында өткізіледі. Батыс Қазақстан облысында волонтерлік топтар мен волонтерлер саны жыл санап артып келеді. Бүгінде облысымызда 100-ден астам волонтерлік топпен, 10 мыңға жуық волонтер бар.

5 желтоқсан Орал қаласында Халықаралық волонтер күніне орай Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен "Орал студенттер Альянсы" Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы волонтерлеріне арналған "Үздік волонтер" сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Сәні мен салтанаты жарасқан кеште өңірдің әр саласында волонтерлік қызметпен айналысып жатырған, волонтерлер Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиевтің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, 8 аталым бойынша үздік волонтерлер анықталып, салтанатты кеште марапатқа ие болды.

Үздік волонтер
Үздік волонтер. Фото: БҚО әкімдігі

"Үздік волонтерлік ұйым" аталымы бойынша Қазақстан студенттер Альянсының Жоғары инженерлік-технологиялық колледжіндегі штабы, "Үздік волонтерлік бастама" аталымы бойынша Джаналиев Элгун Ахмед оглу "Жылу сыйла" волонтерлік жобасы, "Төтенше жағдай саласындағы үздік волонтер" аталымы бойынша Жарасов Саясат Сәдуақасұлы, "Медицина саласындағы Үздік волонтер" аталымы бойынша Қуатова Назерке Қуатқызы, "Экология саласындағы Үздік волонтер" аталымы бойынша Таңдай Шынар Тұрарқызы, "Медиа саласындағы Үздік волонтер" аталымы бойынша Кінәмә Ернұр Серікұлы, "Білім беру саласындағы Үздік волонтер" аталымы бойынша Жумабекова Айна Хожаахметовна, "Білім беру ұйымының үздік волонтерлік ұйымы" аталымы бойынша Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті жанындағы "Шапағат" волонтерлік клубы жеңімпаз атанды.

Үздік волонтер
Үздік волонтер. Фото: БҚО әкімдігі

Марапаттау шарасына қатысқан Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы жастар ісі жөніндегі бөлімінің басшысы Мирфат Талғатұлы Бисекенов жастарды құттықтап, тілегін білдірді.

Үздік волонтер
Үздік волонтер. Фото: БҚО әкімдігі

"Волонтер болу қазаққа жат дүние емес. Асар 2 сияқты көптеген салт-дәстүріміз осы бастамамен үндес екенін бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан алдағы уақытта облысымызда волонтерліктің маңызы артып, волонтерлердің қатары көбейеді деп сенемін. Сіздердің баға жетпес еңбегіңіз бен шынайы мейірімділігіңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

Бүгінгі кеште алып жатырған марапаттарыңыз жасаған жұмыстарыңыздың кішкене өтемі ретінде қабылдаңыздар" ,- деп тілегін білдірді Мирфат Талғатұлы.

Үздік волонтер
Үздік волонтер. Фото: БҚО әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049516-batys-qazaqstan-oblysy-volonterlerine-arnalgan-uzdik-volonter-syilygy-tabystaldy/

pixel