Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әйелін 18 жерден пышақтаған ер адам сотталды

Опубликовано:

судья
Судья. Көрнекі фото: Boonchai Wedmakawand / Getty Images

Алматыда заңгер әйелін 18 жерінен пышақтап өлтірген бұрынғы күйеуі жазасын толық өтейтін болды. Судья бүгінгі сот отырысында апелляциялық шағымды негізсіз деп, үкімді өзертпеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Осыған дейін сот Талғат Нұртаевті 11 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ адвокаты "Нұртаев жұбайын қасақана емес, абайсызда жазым қылды" деп апелляциялық шағым түсірген.

КТК арнасының мәліметіне сүйенсек, заңгер Айман Асановамен Талғат Нұртаев 2019 жылы отбасын құрған. Үш жыл ғана некеде тұрып, жиілеген ұрыс-керістің кесірінен екеуі ақыры ажырасады. Алайда жанжал мұнымен бітпеген. Енді ортақ мүлікті бөлу мәселесіне келгенде кикілжің одан бетер ушыға түскен. Осылайша Талғат Нұртаев бұрынғы әйелін дәл үйінің алдынан ұстап алады.

Сол күні, тергеу мәліметінше, ол 42 жастағы Айман Асановаға 18 жерінен пышақ сұққан. Әйел ауруханада жантәсілім етті. Әу баста қылмыс ашу үстінде жасалды деп, сот қаскөйді 1,5 жылға ғана бас бостандығынан айырған еді.

Бірақ бұл шешім қоғамда үлкен дау туғызды. Жазаның тым жеңіл екенін айтып марқұмның жақындары да қарсы шыққан. Ақыры Нұртаев экс-әйелін қасақана өлтіргені дәлелденіп, бір жарым жыл жазасы 11 жылға ұзартылды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049523-almatyda-aielin-18-zerden-pysaqtagan-er-adam-sottaldy/

pixel