Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"23 адам қайтыс болды": желіде бананда кездесетін жаңа вирус туралы жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

Банан
Банан. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазнет қолданушылары бір-бірін Қытайда Синьхуа ауруханасында 23 адамның өліміне себеп болған "N7N90" жаңа вирусы туралы ескертіп, хабарлама таратуда. Хабарламаға сәйкес, қорқынышты аурудың қоздырғышы бананда болады. Бұл Ресей мен Украинада жыл басында тараған фейк жаңалық, деп хабарлайды Stopfake.

"Кеше түнде Синьхуа ауруханасында n7n9 вирусын жұқтырған 23 адам қайтыс болды. Ең үлкені 35-те, ең кішісі бір жаста болған, олармен байланыста болған дәрігерлер карантинге жатқызылды. Басты арнаның жаңалықтарында бананды, әсіресе оңтүстіктен әкелінген бананды уақытша алмауды өтінді.

Бұл хабарламаны өзіңіз алаңдайтын адамдарға, әсіресе топтық чаттарға жіберіңіз. Өз денсаулығыңыз үшін, таратыңыздар, өтініш. Банан жеуді азайтыңыз! Бірден жіберіңіз, жауап берудің қажеті жоқ, басқа адамдарға да өздеріне қамқор болуға көмектесіңіздер", - делінген желілерде тарап жатқан хабарламада.

Ақпараттың шынайылығын тексеретін сайттың мәліметінше, жыл басында Ресей мен Украина қолданушылары осы мәтінді бір-біріне жіберген. Алайда бұл хабарлама расталмаған.

"Сонымен қатар N7N90 деген вирус та жоқ. Бұл жерде құс тұмауы вирусының штамы – H7N9 жайлы айтылған болар. Ол ауа тамшы жолдарымен беріледі. Аурудың қоздырғышы жемістердің ішінде өмір сүре алатындығы және олар арқылы берілетіні туралы мәліметтер жоқ", - дейді фактчекерлер.

Сайт мамандары құс тұмауының ошақтары 2013 жылы Нидерланд, Италия, Канада, Америка Құрама Штаттары, Мексика және Ұлыбританияда тіркелгенін атап өтті.

Көп жағдайда инфекция үй құстарынан табылған. Инфекциядан Нидерландта бір адам қайтыс болған, басқа жағдайларда ауру жеңіл түрде өткен.

желіде тараған хабарлама
Желіде тараған хабарлама. Скриншот: stopfake.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049646-zelide-bananda-kezdesetin-zana-virus-turaly-zalgan-aqparat-tarady/

pixel