jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақпараттық арна қайтадан "24 KZ" брендімен эфирге шығады

"24 kz" жаңа студиясы
"24 kz" жаңа студиясы. Видеодан кадр: youtube.com/@tv24kz

Желтоқсанның 11-нен бастап "Хабар 24" бұрынғы "24 KZ" брендімен эфирге шығады. Ақпараттық арна өз тарихында екінші рет ребрендинг жасап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Ақпараттық телеарнаның сырт пішіні ғана емес, ішкі мазмұны да жаңарған.

Телеарнаның жаңарған логотипі ақ-қызыл түсті екі цифрдан тұрады. Алқызыл түс - рауандап атқан жаңа күннің басталуын білдірсе, KZ белгісі телеарнаның қазақстандық арна екендігін білдіреді.

"Біз көрермендердің арнамыздың қай атауын көбірек қолданатынын білу мақсатында сауалнама жүргіздік. Бір қызығы, "24 KZ" арнасының атауы "Хабар 24-ке" қарағанда жиі қолданылатын болып шықты. Дегенмен арна "24 KZ" атауымен небәрі 4 жыл, ал "Хабар 24" атауымен шамамен 7 жыл хабар таратты. Яғни телеарна аудиториясы үшін "24 KZ" атауы әлі күнге дейін таныс болып отыр", - дейді "Хабар" Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев.

Айта кетейік, Қазақстанда тәулік бойы хабар тарататын "Хабар 24" телеарнасы эфирге 2012 жылдың 1 қыркүйегінде шықты.

Ақпараттық арна қайтадан "24 KZ" брендімен эфирге шығады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.