ШҚО-да қызылшадан алты айлық сәби көз жұмды
Жарияланған күні:
ШҚО-да қызылша жұқтырған алты айлық сәбидің көз жұмғаны белгілі болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сәби қызылшаның асқынған түрімен ауырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс инфекционисті Назигүл Сапарғалиеваның журналистерге хабарлауынша, сәбиде пневмония түріндегі асқыну болған. Өкінішке қарай, дәрігерлер баланы аман алып қала алмады.
Жыл басынан бері бір Шығыс Қазақстан облысында қызылшаны жұқтырудың 121 жағдай тіркелген.
"Өкінішке қарай қазіргі уақытта қызылшамен ауырып жатқандардың қасында болған адамдардың екпе алудан бас тарту фактілері бар. Бұл тенденция қызылшамен ауырғандар арасында да байқалады, олардың 90,6 пайызы екпе алмаған.
Бүгінгі таңда 18 жасқа дейінгі балаларға екпе салу жұмысын жандандыру қажет", - дейді ШҚО СЭБД басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі 6 желтоқсанда Қазақстанда қызылшамен ауырғандар саны 20 мыңнан асқанын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049980-sqo-da-qyzylsadan-alty-ailyq-sabi-koz-zumdy/